АТЫРАУДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖОБАЛАРЫНЫҢ  ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

img 20220304 wa0116 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдар жобаларының  жәрмеңкесіне барып, жұмыстарымен танысты.

Халықаралық үкіметтік емес ұйым күніне арналған іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» мекемесі ұйымдастырған. Оған 20 үкіметтік емес ұйым қатысты.

Өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ, ол азаматтық қоғамның мықты болуы мемлекеттің де қуаттылығын арттыратынын атап өтті. Осы орайда, ол әр салада жұмыс істеп жүрген қоғам белсенділерін қолдаудың маңыздылығын, игі бастамаларды бірігіп жүзеге асырудың тиімділігіне ерекше тоқталды.

Жәрмеңке аясында үкіметтік емес ұйымдар және бизнес пен мемлекеттік органдар арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Соның аясында алдағы уақытта демеуші компаниялар ұйым жобаларына қаржылай қолдау жасап отырады. Іс-шара ерекше балалардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, бүгінде облыста 706 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: Расул СЕРІКОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз