Жарнама
Жаңалықтар

Ғалым рухына тағзым етті

Ғылым қызметкерлері күніне орай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

12 сәуір елімізде ғылыми қызметкерлер кәсіби мерекесін тойлайды. Күнтізбедегі бұл датаның бекітілуі кездейсоқ емес. Бұл күні қазақтан шыққан тұңғыш академик, ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті болған Қаныш Сәтпаев дүниеге келген. Жыл сайынғы дәстүрлі шараға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті биыл да мұрындық болып, ғалым рухына тағзым етті.

photo 2023 04 12 12 48 16

–Бұл күн салалық министрліктің Ғылым және жоғары білім министрлігі болып құрылғаннан кейінгі алғаш аталып өтуі. Ведомоство басшысы Саясат Нұрбектің атынан мерекеге орай университет ұжымына арнайы құттықтау хат келуі мерейімізді өсіріп, мәртебемізді тасытты,-дейді университет ғалымдары бірауыздан.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button