news1447151745

Атыраудан Елордаға жаңа әуе рейсі ашылды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. «QAZAQ AIR» авиакомпаниясының баспасөз қызметінен хабарланғанындай, таяу күндерден бастап «Нұр-Сұлтан – Атырау» және «Нұр-Сұлтан – Өскемен» қалалары аралығына тікелей қатынайтын тұрақты әуе рейстері іске қосылып отыр.

Ел астанасы мен Батыс Қазақстан аймағының орталығын байланыстыратын заманауи үлгідегі, жайлы авиалайнерде ұшу сапары әр жексенбі сайын орындалатын болады. Бір бағытта жолда жүру ұзақтығы 2 сағат 40 минут, билет құны (барлық жиынтықтарды
қоса алғанда) 24 633 теңгені құрайды.

Ал, Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша әуе қатынасы аптасына екі рет (сәрсенбі және жұма күндері) белгіленген. Билеттің бағасы (бір бағытқа) 15 616 теңгеден басталады, ұшу ұзақтығы – 1 сағат 30 минут.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған