Исламтанушы ғалым Қабылбек Әліпбайұлы атыраулық жастармен жүздесті

IMG 20190131 WA0024 Жаңалықтар

Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен келген исламтанушы ғалым Қабылбек Әліпбайұлы орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» жамағатымен кездесті.

IMG 20190131 WA0024

Жүздесу барысында Қабылбек Әліпбайұлы жастар мәселесі және білім тәрбиесі тақырыбында сөз қозғады. Білім алу ислам дінінің негізгі мақсаты екеніне назар аударған ғалым «Ілім алу әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз. Алла Тағала алғашқы Құран аяттарын уахи еткенде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген. Сондықтан, болашақ жастардың қолында. Сіздер жаңа лепсіздер. Кез келген қоғам дамуы үшін, қай сала болмасын білім жолында шынайы ықылас қажет» деп атап өтті. Жүздесу соңын ғалым «Бес нәрсенің төртеуі бол. Бірақ, бесіншісі болма, құрдымға кетесің: ғалым бол, ізденуші бол, (ғалымдарды) тыңдаушы бол, (ғалымдарды) жақсы көруші бол бірақ, бесіншісі болма (яғни, осы аталғандардан болмасаң білім ізденуші емессің)» деген өсиетпен аяқтады.

IMG 1668

Фархад КАРАПИДЕНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз