Футбол маусымы басталды

52a8f shakhter atyrau Жаңалықтар

            Өткен аптада футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті  30-шы маусымы басталды. Бір жылдық үзілістен соң жоғарғы топқа қайта оралған «Атырау» командасы алғашқы ойында өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады.

Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен жасыл алаң атыраулық ойыншыларды құшақ жая қарсы алғанмен, санитариялық жағдайға орай ойын делебесін қоздыратын көрермендер стадионға жіберілмеді.  Жанкүйерсіз ойынның бірінші бөлігі қонақтардың қарқынды шабуылымен басталып, негізгі басымдылық үзіліске дейін өзгермеді. Ойынның 14 минутында қарағандылықтардың оң қапталдан басталған шабуылы Виталий Балашовтың қақпаны дәл көздеуімен аяқталды. Есеп 0:1. Жергілікті ойыншылар жағдайды дұрыстауға бірнеше рет талпынғанмен ойын соңына дейін Игорь Шацкий қорғаған қақпаның осал тұсын таба алмады. Осылайша, «Атырау» тұсау кесер ойынын сәтсіз бастады.

Өзге ойындардың қорытындысы  «Қайсар»-«Тараз» 2:3; «Тобыл»- «Ақжайык»       2:0, «Каспий»-«Ақтөбе»          1:1, «Тұран»-«Астана»     2:2, «Қайрат»- «Жетісу» 2:0

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз