«Авангардта» не өртенді?

screenshot 20220819 101146 Қоғам

«Авангард-2» ықшамауданындағы бес қабатты №11 тұрғын үйдің балконынан түтін шығып жатқаны жөнінде хабарламаны көре салысымен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті.

Үшінші қабаттағы балконнан басталған өрт  алдымен жатын бөлмеге, кейін төртінші қабаттағы көрші пәтердің балконына көшіп, ондағы салқындатқыш жанып кеткен. Облыстық төтенше жағдайдар департаментінің жеті қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылып, тілсіз жаудың таралып кетуіне жол берілмеді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Осы орайда, мамандар күннің ыстығынан жиі орын алатын өрттен барынша сақтанып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз