
Жаңалықтар
FlyArystan жолаушыларға маңызды ұсыныс жасады
Қазақстандық бюджеттік әуе компаниясы FlyArystan («Эйр Астана» АҚ-ның еншілес компаниясы) бүгін, 2025 жылғы 8 қыркүйекте, Алматы халықаралық әуежайына келуге қатысты жолаушыларға маңызды ұсыныс жасады, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясының мәлімдеуінше, тіркеу мен тексеру кезінде жүктеменің артуына байланысты күту уақыты әдеттегіден ұзақ болуы мүмкін.
Жолаушыларға әуежайға алдын ала келуді ұсынамыз, кем дегенде:
- ішкі рейстерге – 2 сағат бұрын;
- халықаралық рейстерге – 3 сағат бұрын, – делінген хабарламада.
2025 жылғы 27 тамызда FlyArystan Шарм-эль-Шейхке сапар жоспарлаған қазақстандықтарға маңызды жаңалық жариялаған болатын.