Дәрігерлер сушидан уланған жылыойлықтардың қазіргі жағдайы туралы айтты

unnamed file 3 Жаңалықтар

Атырау облысының Жылыой аудандық орталық ауруханасына 28 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында  тамақтан улану шағымымен 43 науқас түскен болатын деп хабарлайды Atr.kz

« Қазіргі уақытта 38-інің жағдайы жақсарып үйлеріне шығарылды», –  деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Бес күнде аудандық ауруханаға 43 тұрғын улану шағымымен түскен болатын.

Барлығында жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары байқалды. Бүгінгі мәлімет бойынша, олардың 38-інің жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта аудандық ауруханада 5 науқас ем алуда. Олардың жағдайлары қалыпты.

Анализ қорытындылары жақсарған жағдайда, емделушілер  кешікпей үйлеріне шығарылады», – деді Жылыой аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз