Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Фермерлер одағының өңірлік филиалы ашылды

Атырауда Фермерлер одағының өңірлік филиалы ашылды. Осы бірлестіктің аясында облыстағы 2 мыңнан астам шаруа қожалығы мемлекеттік қолдау шараларын иеленбек, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

31961628_456878611413477_8720626804685012992_n

Аталған одақтың негізгі қызмет бағыты – аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау, сондай-ақ, фермерлердің заңды мүдделерін қорғау.

Бүгінгі күні фермерлердің өндіретін өнім сапасы артуда. Тауарлар Германия, Польша, Украина, Ресей, Франция және Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады.

«2016 жылы 1 миллиард 771,4 миллион тонна өнім экспортталса, 2017 жылы экспортқа 1 миллиард 776 миллион тонна өндірілген өнім жөнелтілді, яғни экспорттың өсу динамикасы байқалады. Фермерлер одағы филиалының ашылуы бірінші кезекте өз бизнесін бастағысы келетіндерге кеңес беру және заңды көмек көрсету арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Сәрсекенов.

31948407_456878624746809_5230307144665923584_o

Шаруа қожалықтары жыл сайын республикалық бюджеттен субсидиялар алуда. Атап айтқанда, егер 2016 жылы Атырауға 2 млрд 463 млн теңге субсидия бөлінсе, 2017 жылы бұл сома өсіп, 2 млрд 631,2 млн теңгені құраған.

Бүгінде «Фермерлер одағының» өңірлік филиалы шаруа қожалықтары иелерінің барлық сұрағына жауап беруге дайын. Ол Атырау қаласы, М. Сатыбалдиев көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан.

Байланыс телефондары: 32-04-23, 8701 577-51-00. Электрондық поштасы: atyrau-fermery@mail.ru.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button