Жарнама
Жаңалықтар

ЭСТРАДАЛЫҚ ОРКЕСТР ҚҰРЫЛДЫ

Өйткені, труба, саксофон сияқты музыкалық аспаптарда ойнайтын маман Атырауда жоқ екен. Сондықтан, көптеген мамандарды Ресей Федерациясының Астрахан қаласынан алдыртуға тура келді. Сөйтіп, өткен сенбі күні Махамбет атындағы облыстық драма театрында Облыстық филармония жанынан құрылған оркестрдің алғашқы тұсаукесер концерті өтті.

Концертте филармония әншілері жанды дауыста ән шырқап, «Інжу-Маржан», «Зерде» би топтары өнер көрсетті. Эстрадалық оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқаған әнші Хамиль Сүйекбаев, Әсет Әлиев, Ақмарал Машимованың әдемі дауыстары көрермендерін баурап алғаны анық. Ал, «өнердің егіз қозысы» атанған Ханзада Сақыпова мен Назым Шаймарданованың әні көпшілік көңілінен шықты. Концерт соңында сөз алған Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев:   – Эстрадалық оркестрді ұйымдастыру оңай болған жоқ. Енді үнемі жанды дауыста оркестрдің сүйемелдеуімен концерттер жиі өтетін болады. Алдағы уақытта музыка мектептері мен музыкалық оқу орындарында мамандарды дайындауға кірісу қажет. Сонымен қатар, би топтарын да құрып жатырмыз. Біздің бар мақсатымыз – өнерді дамыту, халыққа қызмет ету», — деді.

Ал, өз кезегінде сөз алған оркестрдің дирижері Алексей Назаренко: «Бұл жерде мен бір адамға алғыс айтқым келіп тұр. Ол – Ғаділ Дүйсенғалиев. Егер ол соншама тырыспағанда осы концерт өтпейтін еді. Әсіресе, солистерге, бишілерге рахмет айтамын. Еңбегімізді бағалағандарыңызға басымды иемін!» — деді. Эстрадалық оркестрге біз де ақ жол тіледік.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button