Атыраулық кішкентай дарындар жүлделі жеңіске жетті

zarina men aliasqar Жаңалықтар

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Алматы қаласында шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында  Сабырбай Гайсин мен Жәнібек Аманов бастаған Атырау облысының спортшылары бес  медальға ие болып, өңірімізге зор абыроймен оралды.

Шахмат додасында 10 жасқа дейінгі балалар жарысында 8 жасар жерлесіміз Алиасқар Рахманберді рапид түрінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, нәтижесінде  күміс жүлде еншілесе, Әлем және Азия чемпионы Зарина Нұрғалиева 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында кезекті рет мықтылығын дәлелдеді.

Ол жарыс қорытындысында қанжығасына  2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль салып қайтты.  Осы жеңісі арқылы Зарина Грузия елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама еншіледі. Осыған қоса, жылдам шахматтан  Греция елінде өтетін әлем чемпионатына Алиасқар мен Зарина да қатысатын болды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/el-zha-alyi-taryi/dzhon-dudas-sam%d2%b1ry%d2%9b-%d2%9bazyna-direktorlar-ke%d2%a3esine-basshyly%d2%9b-etedi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз