Ержан Сәлімгереев АҚШ-ты бағындырды: қазақстандық спортшылар 6 медаль иеленді

Жаңалықтар
14 / 100

«Су спортынан Америкада өтіп жатқан әлем кубогінің екінші күнінде қазақстандық параолимпиадашы жүзгіштер 6 медаль иеленді« деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық параолимпиада комитеті «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

Олардың қатарында екі алтын медаль иеленген жүзгіш параспортшылар Ержан Сәлімгереев пен Нұрдәулет Жұмағали бар. Атыраулық спортшы, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереевтің бапкері жоғары санатты тренер Нұрлан Жұмағазиев екенін атай кеткеніміз жөн.

Күміс жүлде иеленгендер қатарында жүзгіш споршылар Зүлфия Ғабидуллина, Әлия Рахимбекова, Нурдаулет Жумағали бар. Нұрали Советханов қола жүлдені иеленді.

171893845 3564451863660605 5789028165322602806 n

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған