Ержан Сәлімгереев Паразиада ойындарының чемпионы атанды

Erzhan Жаңалықтар

Бүгін паразиада ойындары өтіп жатқан Индонезия астанасы – Джакартадан сүйінші хабар жетті. Жүзу спортынан ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ержан Сәлімгереев 100 метрге еркін әдіспен жүзуде  қарсыластарын шаң қаптырып, алтын медальды еншіледі.

Ержан

Ол S6 санатында сынға түсіп, 100 метрді 1 минут 12 секундта бағындырды. Ержан Сәлімгереевтен  2 секунд уақыт айырмашылығымен  кейін қалған қытайлық спортшы екінші орынды иеленді.  Ал, 1 минут 15 секундтық  нәтиже көрсеткен  Филиппин  спортшысы үшінші орынды місе тұтты.

Енді  Ержан  Сәлімгереев тағы да  төрт қашықтықта бағын сынайды.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз