Сахнада – «Жан пида»

ANU 7356 Мәдениет

Балықшыдағы облыстық халық шығармашылығы орталығында Жастар театры көрермендеріне өзінің жаңа қойылымын ұсынды. Бұл – аты әлемге әйгілі, аңыз адамға айналған заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың атақты «Жан пида» романының желісі бойынша жазылған драмалық спектаклі. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері  Мұханғали Томанов, суретшісі Бақытгүл Әділғалиева, биін қоюшы Анар Есенғалиева, көркемдік жетекшісі Гүлнұр Қайырлиева.

????????????????????????????????????

Адамзаттың Айтматовы атанған қаламгердің бұл шығармасында адам баласының азуы суреттеледі. Есірткіге елітушілік пен нашақорлық деген айықпас дерттің құрбаны болып, көз алдымызда хайуанға айналып бара жатқан жандардың жан азабы бейнеленеді. Табиғат ананың бір бөлшегі саналатын кішкентай бөріні (бөлтірікті) анасынан айырып, қолды еткен адамдардың әрекеті әшкереленеді. Драмада адами құндылықтар тарландар тағдырымен салыстырыла дәріптеледі.

«Театр – өмірдің айнасы» десек, бұл қойылымда сахнадағы образдардың жиынтығы арқылы адамдарға өз бейнесін таныта отырып, толғауы көп толассыз сұрақтарға жауап іздеу жолдары қарастырылады. Мұның бәрі кейіпкерлердің ой-түсінік, пікір-пайымдаулары арқылы өте шебер әрі түсінікті тілмен түсіндіріліп, жеткізіледі. Бұған дейін де Мұханғали Томановтың режиссерлігімен сахналанған бірнеше туындыны көрермен назарына ұсынып үлгерген Жастар театрының бұл жолғы қойылымы да көпшіліктің көңілінен шығып, жылы қабылданды. Болашағынан үміт күттірер жас әртістердің әрқайсысы өз рөлін шеберлікпен сомдады.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз