Еркінқалада «Ермек» құрылыс дүкені мен шаштаразы іске қосылды
Atr.kz/4 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Еркінқала ауылында жаңа нысан іске қосылды.
«Ермек» құрылыс дүкені мен шаштараздың ашылу салтанатты шарасына Еркінқала ауылдық округінің әкімі, ауыл ардагерлері мен тұрғындары қатысты.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Адам атына лайықты өмір сүрудің, дәулетті тұрудың мына заманда нарықтан басқа жолы жоқ. Өйткені ол адамды өзін-өзі қамшылауға, жанын жеп жанталасуға мәжбүр ететін, сөйтіп оның бойынан тың қуат табуға итермелейтін жол» деп атап көрсеткен болатын.
Кәсіпкерлік — азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі. Олай болса, мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы негізінде іске қосылып отырған «Ермек» құрылыс дүкені мен шаштараздың жұмысы сәтті, қызметтері табысты болуына тілектестігімізді білдіреміз»,-деді алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Молдағалиұлы Құмарғалиев.
Сондай-ақ, салтанатты шараға қатысушылар арасынан ауыл ардагерлері Қойшыбаев Судья, Қаюпов Жасан, Оразова Жайлан апаларымыз тілектерін айтып, баталарын берді.
Мерекеге орай жас өнерпаздардан құралған «Наз» би тобының «Бозжорға» биі шараның көркін ашса, өнерпаздар әннен шашу шашты.
Шара барысында ашылу салтанатына орай арнайы сыйлық сертификаттары ұйымдастырылып, төрт қатысушы сертификатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні есігін айқара ашқан – «Ермек» құрылыс дүкені мен шаштараздың арнайы лентасы қиылды.
Шараға қатысушылар тәттіден шашу шашып, құрылыс дүкенімен, шаштараздың жұмыстарымен танысып, дайындалған ақ пен бауырсақ таратылды.
Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы жасампаз еңбектері жемісті болсын, пейілі кең, рухы жоғары халқымыз аман болсын деген ақ тілекпен халық тарқасты.
Жанылсын !! Сайлау!! Кутты бастама . жана бизнес нысанын ашып жатырсындар Саттилик тилеймин . Уасила кудагай
Құтты болсын! Ауылда жақсы жаңалықтар көп болсын!