
Жаңалықтар
Еріктілердің ісі көпшілікті сүйсінтті
Атырау қаласындағы Жастар ресурстық орталығының еріктілері шаһардағы жауын суын соруда түнгі рейсте қызмет еткен вакуум жүргізушілері мен төтеншеліктерді ас-сумен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Бұл жұмысқа жергілікті мейрамхана иесі де демеушілік білдірген.
-Су сору жұмысында жүрген арнайы техника жүргізушілері мен төтенше жағдай қызметкерлеріне және осы жұмыстың басы-қасында жүрген әкімдік қызметкерлерін де ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. Кеше түнгі сағат 23:00-де самса мен шай таратудан бастасақ, сағат 01:00-де «Урбан» мейрамханасының демеушілігімен ыстық тамақ тараттық, — дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллаева.
Олар алдағы күндері де ерікті түрде жұмыстарын жалғастырмақ.
Малика ТӘКЕЖАНОВА