Жарнама
БілімЖаңалықтарСаясатҚоғам

«Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді»

«Тамырсыз тал, тарихсыз ел болмайды» деген мақал «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың бар мәнін ашып тұрғандай. Жалпы, тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал, тарихи сананың тұғыры – қашан да ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсінгендіктен, осындай игі бастамаға атсалысу әр азаматтың міндеті деп білеміз.

97824

Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуіміз қажет. Осы орайда бұл мақала ұлттық тарихымызды терең және объективті түрде тануға жаңа бағыт-бағдар болатыны анық.

Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде тарихи, әрі маңызды міндеттер бар. Мәселен, Президент ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас ұрпақты ұлттық тәрбиемен сусындату қажеттілігі жазылған. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл  әлем  бойынша  еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін Елбасы тілге тиек еткен.

Бұған дейін де еліміздегі зиялы қауым құрметтейтін, барлығымызға белгілі Президенттің «Тарих толқынында» атты кітабы бар. Осыған қоса «Халық тарих толқынында», «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалар халық арасында кеңінен қолдау тауып, әрбір білім беру мекемесінде өткізілетін ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік шараларда іске асырылуда.

Адамзат тарихы ауыл шаруашылығы және қоныстанған мәдениет өркениетіне бөлінсе, біздің халық атқа міну және жылқы шаруашылығы мәдениеті өркениетінің өкілі. Бұл жаңалық – жалпы адамзат тарихындағы инновациялық импульс деп білемін. Елбасымыз атап өткен жеті бөлімнің символикалық мәні бар. Олардан бағдар алып, тарихымыздың елді алға бастаушы, дамытушы рөлін барынша насихаттауымыз қажет.

Бұл тек қана тарихшылардың міндеті емес, білім беру саласының да  мамандары аталған жұмысқа ат салысуы өте маңызды. Қазіргі жастар өкінішке қарай, қандай да бір ақпаратты кітаптан емес, интернет желісінен алатыны баршамызға белгілі. Егер заманауи элементтерді қолдана отырып, тарихи фильмдер түсірілсе, жаңа технологиялардың көмегімен ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жас ұрпақтың қызығушылығы артатыны сөзсіз.

Ел Президентінің мақаласын насихаттау және алға қойған міндеттерді орындау мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрайымы,  педагогика  ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Ахметованың басшылығымен Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында да іс-шаралар жоспары жасалды. Ғалымдардың, педагогтардың және студенттер мен оқушылардың қатысуымен ғылыми конференциялар, «дөңгелек үстелдер», мәдени кештер, пікірсайыстар, кітап көрмелерін өткізу көзделуде.

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді».  Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Елбасы ұсынған тарихи сананы жаңғыртудың барлық жобаларын іске асыруға белсене атсалысады, себебі, олардың барлығының халықаралық мазмұны бар. «Ұлы даланың ұлы есімдері» – біздің ата-бабаларымыз. Біздің міндетіміз – олардың бейнелерін есте сақтау, олар қалдырған мұраны зерттеу және мәңгі жадыларда жаңғырту.

Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА,

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button