Ерекше балаларға қуаныш сыйлаған ерекше күн

img 20201225 wa0020 Жаңалықтар

Облыс әкімдігі ерекше балаларға Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.

Атырау облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығында Жаңа жыл мерекесі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің шыршасы аясында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақтағы 350-ге жуық балаға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Олардың арасында Атырау облыстық балалар денсаулығын оңалту орталығының 15 тәрбиеленушісі бар.

Бүгін облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев орталықтың 5 бүлдіршінін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап сыйлықтарды табыстады. Орталық тәрбиеленушілеріне смартфон, танымдық кітаптар, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер үйлестірілді. Одан соң аяз-ата мен ақшақардың қатысуымен ұжым мүшелері балаларға шағын мерекелік концерт әзірлеп көңіл күйді көтерді.

Карантиндік шектеулерге орай аталған шараға санаулы балалар ғана шақырылса, орталықтың қалған тәрбиеленушілеріне бөлінген сыйлықтар жекелей үйге жеткізілді. Мұнда Атырау облыстық Әдістемелік орталығының мамандары аяз ата мен ақшақар рөлінде оңалту орталығының есебінде тұрған бүлдіршіндерге арнаулы сыйлықтарды табыстап мерекемен құттықтады.

img 20201225 wa0022
img 20201225 wa0021
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз