«БОРЫШКЕР» ҚАРЫЗ ИЕЛЕРІНІҢ СОҢЫНА ТҮСТІ

Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастамасымен биылғы жылдың 4-6 маусымы аралығында қала көлемінде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға көші-қон полициясы қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылардан құралған 4 мобильдік топ жұмылдырылды.

Мобильдік топтар өздеріне берілген тапсырмаларға сәйкес іздеудегі алимент төлеуден жалтарушылар мен борышкерлердің мекен-жайлары бойынша тексеріп, оларды анықтау жұмыстарын жүргізді. Өткізілген іс-шара нәтижесінде іздеуде жүрген 18 тұлға, оның ішінде, 4 алимент төлеуден жалтарушы және 14 борышкер анықталды.
Көші-қон полициясы басқармасының инспекторы Н.Бисекеновтің айтуынша, шара кезінде мүдделі органдармен тығыз байланыс орнатылып, бұл бағытта ақпараттар алмасылды. Сөйтіп, іздеудегі екі борышкердің қазіргі уақытта республиканың өзге өңірлерінде тұрып жатқандығы белгілі болды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз