Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ерғалидың «ерекше» көлігі

Бүгінгі  өзгерістер  заманында  біреуді таңғалдыра қоюдың өзі қиын. Десек те, елді елең еткізерліктей іс тындырған ауыл баласының талапты ісін тасада қалдырғымыз келмеді.

%d0%b5%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%88%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d0%bb%d1%96%d0%b3%d1%96

Оның атасы Ғилаж Сапарғожиев заманында Чапаев атындағы кеңшарда алып «К-700» тракторын  ұршықша үйірген. Ал, әкесі Нұрғали да бүгінде «КамАЗ»-дан бастап барлық ауыр-жеңіл  көліктердің құлағында ойнайтын. Ол бүгінде Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11 сыныбында оқиды. Ұстаздарының айтуынша, Ерғали мектептегі белсенді шәкірттердің бірі, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының және «Жас техник» үйірмесінің мүшесі.

– Алдымен төрт қырлы темірден қаңқасын құрап, оған ескі «ИЖ» мотоциклінің моторын орналастырып алдым, шынжыр арқылы «Жигули» жеңіл автокөлігінің беріліс қорабын қондырдым. Басқа да қажет болған жабдықтарды ескі «ВАЗ» көлігінен, өзге де автокөліктерден алып пайдаландым. Бұдан кейін ағашты жонып, белгілі бір қалыпқа келтіріп алдым. Экскаватор қозғалыстарын жасадым. Оған шприцті қондырып, системаның шнурын жалғап, қозғалтқыш жасап шығардым, — дейді ол.

Жуырда Ерғали қолынан шыққан бұл «ерекше» көлігін мектеп ауласына апарып қойған-ды. Оны жағалай қаумалаған оқушылар мен басқа да үлкен-кішінің қызыға тамашалап жатқанының біз де куәсі болдық.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button