stomatologija

Енді стоматологиялық қызметтер тегін көрсетіледі

Жаңалықтар Медицина Қоғам

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Биылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында стоматологиялық қызметтер жекеменшік емханаларда да тегін көрсетіледі. Бұл мүмкіндікті сақтандырылған азаматтардың ішінде әлеуметтік осал топтар ғана пайдалана алады.

 Сақтандыру енгізілгенге дейін тегін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез келген жерінде пайдалана алады. Мәселен,  қаңтар айында Атырау облысының  пациенттеріне Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының емдеу мекемелерінде стоматологиялық қызметтер көрсетілген. Яғни, бұл жүйеде сақтандыру қорына аударылған жарна пациентке сапалы медициналық  қызмет көрсету үшін пайдаланылады деген сөз, –  дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Айта кету керек, осы орайда медициналық сақтандыру аясында облыста 14 жекеменшік тіс емханасымен  келісім-шарт жасалған. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарында пациент  стоматологиялық терапия және хирургиялық ем шараларды, туабітті пайда болған ортодонтиялық емді тегін пайдалана алады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған