Жарнама
Жаңалықтар

Енді интернет арқылы алынған тауарлар Қытайдан 10 күнде жетеді

Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінде «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында пошта саласында жүзеге асып жатқан жаңашылдықтардан хабардар етті.

Macbook Pro Photo MockUp 2

Оның айтуынша, жақын арада интернет-дүкен арқылы тапсырыс берген тауарлар айлап емес, нәбары он күннің ішінде келеді. Осылайша қазақстандықтар AliExpress, Amazon секілді сайттардан сатып алған тауарларын он күн ішінде алады.

«Бұрын Қазақстан ішінде сәлемдемелеріміз айлап жолда жүретін. Былтыр біз жеткізу мерзімін 15 күннен 6 күнге дейін қысқарттық. Осы жылдың соңына дейін әр қалаға сәлемдеме жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтамыз. Ал AliExpress, Amazon сайттарынан сатып алынған халықаралық сәлемдемелер он күн ішінде келетін болады. Әрине, бұл үшін авиабағдарларды да тартамыз, өйткені бұл қазіргі заманда өте маңызды. Себебі қазір ешкім тауарды ұзақ күтіп отырмайды», — деді Сәрсенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button