Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Енді шулап, жұрттың мазасын алатындар 265 100 теңгеге дейін айыппұл төлейді

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Заңмен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізілуде.

Әкімшілік Кодексінің 437 – бабына сәйкес, жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы сағат 09.00-ге дейін, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру, тұрғын үйлерде және одан тыс жерлерде жұмыстар жүргізу — тыныштықты бұзу деп саналады. Тек демалыс және мереке күндері  ғана «тыныштықты бұзу»  сағат 23.00-ден таңғы сағат 10.00-ге дейін  өзгертілген.

Тыныштықты бұзған жеке тұлғаларға-5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш),  яғни   13.890 тенге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Атырау полицейлері облыс аумағында жыл басынан 1200-астам тыныштықты бұзу деректерін анықтады. Мысалы, ағымдағы жылғы 16 тамызда сағат 02:50 шамасында Атырау қаласы №1ПБ-нің кезекші бөліміне  Шамин көшесіндегі 1 үйдің пәтерлерінің бірінде  адамдар жиналып, түнгі тыныштығын бұзып жатқаны жөнінде сол үй тұрғындары арызданған болатын.

Аталған хабарлама бойынша   мекен-жайға келген Патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашында  есік  ашпағанмен,  алайда құқық бұзушылық орын алған   пәтерді қайталап тексеру барысында, 7-8 азамат анықталды. Шулы қонақтарға қатысты пәтерге
келген қонақтарға КР ӘКБтК-нің 437 бабы «Түнгі тыныштықты бұзу»
бойынша  жеті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ал, карантин режиміне карамай,  адамдар жинап, алкогольдік ішімдік ішіп, тыныштық бұзушылықа жол берген  пәтер иесіне қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау баскармасына жолданды.

«Полиция департаментінің баспасөз қызметі»

devushka

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button