Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

WhatsApp Image 2018 10 01 at 17.26.15 Жаңалықтар

Атырауда 5 қазан күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

WhatsApp Image 2018-10-01 at 17.26.15

Мұнда 25 шетелдік және жергілікті компания 300-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңке «Жастар еңбек биржасы» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болады. Басты мақсат – жас буын өкілдеріне еңбек нарығы туралы толық ақпаратты жеткізу, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарлау.

«Кейбір мамандықтар сұранысқа ие емес. Жұмыссыз жастарға, тіпті мамандық бойынша қажетті жұмыс таппаса да, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат беріледі және қайта даярлауға қатысты барлық сұрақтарға жауап ала алады», -дейді облыстық Жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Айта кетейік, бос жұмыс орындарының жәрменкесі «APEC Petrotechnic» колледжінде, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 702 542 7772, +7 778 488 1895, +7 778 493 2890

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз