25 ЖАСТАҒЫ АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ

screenshot 20220120 165837 com.whatsapp Жаңалықтар

Учаскелік инспектор сөмкеден ақша ұрлаған күдіктіні анықтады.

19 қаңтар күні сағат 12:40 шамасында 23 жастағы қала тұрғыны 102-ге қоңырау шалып, Балықшы ықшамауданында орналасқан сауда үйлерінің бірінде қолсөмкесінің ішінен 31 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған.

Аталған хабарламаға дереу жеткен учаскелік полицейлер, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде ізін суытпай бір сағаттың ішінде 25 жастағы күдікті азаматшаны ұстады.

Тексеріс кезінде аталған азаматшаның бұрын да ұрлық қылмыстарын жасағаны үшін сотты болғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз