Биыл терроризм туралы жалған хабарлама беру бойынша бес қылмыстық іс тіркелді

210920131417485a3838573i Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде күні бүгінге дейін терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша бес қылмыстық құқық бұзушылық ісі тіркеліп, екі іс сотқа жолданған.

Қылмысты жасаудың себеп-салдары кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату және мектеп сабақтарын болдырмау болып табылады. Көп жағдайда адамдар қызықты әзілге айландыра берген жалған ақпарат әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылатындарын сезіне бермейді, деді А.Тайтуллин.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы үй ішінде жарылғыш заттарды дайындауды үйрететін екі сайтты бұғаттағанын жеткізді.

Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабында, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаған үшін ең қатаң жаза 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз