Жарнама
Жаңалықтар

Енді Индерде кадет сыныбы бар

Атырау облысының Индер ауданында С.Сейфуллин атындағы орта мектепте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің есіміне кадет сыныбы ашылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыныптың бір ерекшелігі мұнда пневматикалық мылтықпен атуға арналған тирмен қамтамасыз етілген. Сыныптың ашылу салтанатына қаза болған полицейдің анасы арнайы шақыртылған.

-Шара барысында мектеп оқушылары арасында атудан жарыс ұйымдастырылып, белсенділік танытып, жақсы көрсеткіштерге ие болған кадет сыныбының мүшелері марапатталды. Кадет сыныбында тәртіп сақшысының үлгісі ретінде арнайы нысанды киім, стендтерде полиция қызметкерінің құрал-жабдықтары қойылды, — дейді дейді Индер ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Арман Құбашев.

Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатындағы кадет сыныбының ашылу салтанатында Шалқар Ақымғалиевтің анасы ұлының ерлік ісін ескерусіз қалдырмай, ықылас білдіріп, жастарға дәріптеп, үлгі етіп отырған әріптестеріне алғыс білдірді. Ал сыныптың алғашқы мүшелері өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуға, Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болуға ант берді.

Тәлім-тәрбиесі, мақсаты ауқымды шарада полицей Ш.Ақымғалиевтің өмір жолы, ерлігі жайында деректер айтылып, бейбіт күннің батырына арналған бейнежазба көрсетілді.

Өткен жылдарға жасасақ, оқиға 21 наурыз күні орын алған еді. Шалқар Атырау қаласында орталық көпірден суға секірген әйелді құтқарып қалып, өзі жағаға жете алмай, қайтыс болған еді. Қаһарман ұлының есімін ұлықтаған жұрт айрықша құрмет көрсетіп, 2019 жылы 7 мамырда тәуелсіздік жылдарында қылмыспен күресте және азаматтардың өмірін қорғау жолында жанын қиған 3 полиция қызметкерінің суреті мен есімдері ойып жазылған ескерткіш тақтасы бой көтерді. Олардың қатарында лейтенант Асқар Бисекенов Асқар, Нұрберген Өтемісов және Шалқар Ақымғалиев те бар. Шалқар Ақымғалиевтың отбасына Президент Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.

«Ерліктің даңқы қашан да өшпейді» деген осы болса керек-ті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button