Жаңалықтар

Жайықтың жайылма суынан жасөспірімнің денесі табылды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзенінің тасуы салдарынан жиналған судан жасөспірімнің денесін шығарды.

Аталған департаменттің Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, Индербор кентінің тұрғыны – 2009 жылы туған жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған.

Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 29 мамыр түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазір Жайықта су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен өз арнасынан асып, жайылмаға тараған болатын. Ал жасөспірімдердің 170 сантиметр биіктіктегі жайылма суға шомылғандығы анықталды, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мәселеге байланысты төтеншеліктер су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын қатаң сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Қазір Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі және тасуы салдарынан ағыспен келген қоқыс, ағаш қалдықтары және басқа заттар қауіпті болып саналады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button