Енді Атырауда күн салқындайды

ФОТО АУА РАЙЫ Жаңалықтар

Енді Атырау облысында күн салқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлап отыр.

ФОТО - АУА РАЙЫ

Қазақстанның батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан дымқыл және салқын ауа келе бастайды. Сондықтан республиканың қалған территориясына қарағанда, бұл жерде температура төмендейді және кей жерлерде жаңбыр болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, қазіргі тұрақталған жылы ауа-райы Жерорта теңізі аймағынан түскен әуе қысымымен байланысты. Жақын екі тәулікте жылу республиканың шығыс облыстарына таралуын жалғастырмақ.

Айдос Қарабала

Фото tunnel.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз