Келешек кеңею жобасының негізгі құрылыс кезеңі аяқталды

img 20201106 wa0049 Жаңалықтар

Теңіз Келешек кеңею жобасы құрылыстың кезекті маңызды кезеңін уақытылы аяқтады.    

Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) соңғы модулі 2020 жылдың 28 қазанында  Қазақстандағы Теңіз кен орнына қауіпсіз жеткізілді.

Аталған жоба дамуындағы маңызды бұл меже шет елдерден Қазақстанға 408 модульді  жеткізудің үш жылдық бағдарламасы аяқталғанын көрсетеді.

“Теңіз тасымалының аяқталуы –  қазақстандық компаниялардың теңіз логистикасы мен металл конструкцияларын өндіру саласындағы құзыретін көрсететін орасан зор жетістік болды. Нарықтық шарттардың күрделілігіне, пандемияға және теңіз логистикасы операцияларының ғаламдық ауқымына қарамастан, біз серіктестеріміз бен Қазақстан Республикасының үміттерін ақтағанымызға қуаныштымыз. Біз жобаның сәтті дамуы мен аяқталуы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті атқарушы органдармен және іскер  серіктестерімізбен жемісті ынтымақтастықты жалғастырамыз деген үміттеміз”, деп атап өтті ТШО бас директоры Имер Боннер.

Барлық модульдер жоспарға сәйкес уақытында жеткізілді, бұл Теңізде орнату  және құрылыс жұмыстарын уақытында жалғастыруға мүмкіндік береді.

ККЖ-ҰЕҚБЖ – республикалық маңызды жоба. Оны жүзеге асыру Қазақстанға жоғары білікті жұмыс күшін,   халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы енгізілген технологиялар, сондай-ақ аймақта  жаңартылған инфрақұрылым түрінде мұра қалдырады.

ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастаған бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 10,3 миллиардтан астам  АҚШ долларын  жұмсады.  Аталмыш жобада шамамен 91 пайызы қазақстандықтар жұмыс істеуде. ТШО инженерлік, материалдық-техникалық және өндірістік қызметтерді көрсетуге қазақстандық компанияларды жұмылдыруда. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қатысу үшін 2350-ден астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеліп алынды, олардың 1281-і алдын-ала біліктіліктен өтті, нәтижесінде қазақстандық компаниялармен 630-дан астам келісімшарттар жасалды.

img 20201106 wa0051
img 20201106 wa0050
img 20201106 wa0053
img 20201106 wa0052

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз тасымалы бағдарламасы туралы

Әрқайсысы 500-ден 1800 тоннаға дейін тартатын  ККЖ-ҰЕҚБЖ модульдері Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалып,  Ресейдің ішкі су жолы жүйесі (РІСЖ) арқылы Каспий теңізінің Прорва түбегіндегі жүк түсіру терминалына жеткізілді. Теңіз тасымалы шеңберінде жеткізілген модульдік жүктің жалпы салмағы 280,000 метрикалық тонна құрады. Ersai және KCOI сияқты қазақстандық компаниялар Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында халықаралық стандарттарға сәйкес салынған 75 құрастырмалы модульдік эстакада мен 10 бақылаудың қашықтықтағы блогы құрылысын аяқтап, өздерінің техникалық қуаты мен кәсіби даярлықтарын дәлелдеді. Жұмыстың үдемелі кезінде 126-тан астам кеме жұмыс істеді, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы өзгертілген болатын. Қазақстандық «КазМорТрансФлот» компаниясы Каспий теңізінде теңіз тасымалын жүзеге асырып отырды. Жалпы алғанда, кемелер Қазақстан мен басқа пункттер арасында 140 000 км астам жүзіп өтті. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының тағы бір мұрасы – Теңіз маңындағы Прорва түбегінде модульдік жүкті қабылдау және одан әрі тасымалдау үшін салынған жаңа Жүк тасымалдау бағыты (ЖТБ). ЖТБ құрамына ұзындығы 71 км құрайтын теңіз кіру арнасы, жүк түсіру және сақтау қондырғылары және кірме жол кіреді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз