Ең бастысы — үйдегі ауа-райы
«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының байқаушысы Бибігүл Миняжева бізге берген сұхбатында сайлау кезінде шектен шығушылық байқалмағанын айтты.
– Бір жылдан бері байқаушы болып жүрмін. Ал, кезектен тыс президенттік сайлауға бірінші рет қатысып отырмын. Айта кетейін, №9 орта мектеп ғимаратында орналасқан №38 сайлау учаскесі өте белсенді. Қазіргі уақытта дауыс беру процесіне қатысты заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Бұл учаскеде барлығы 2430 сайлаушы бар, ал, 4 сайлаушы үйден дауыс береді», — деді Бибігүл Миняжева.
Байқаушы атыраулықтарды жаңбыр мен қолайсыз ауа-райы тоқтатпайтынын, олардың өз таңдауын жасайтын көңіл-күйде екенін атап өтті. «Ең бастысы, елдегі ауа-райы», — дейді ол.
Надежда ШИЛЬМАН