Атырауда балаларды қорғау күніне орай шара ұйымдастырылды

tьtbьtb Жаңалықтар

Ерекше балаларды қорғау, қоғамға бейімдеу және олардың қолдан келетін мүмкіндіктерін жасау үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Қашан да осы мақсат-мүддені көздеген «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығы халықаралық балаларды қорғау күнінен қалыс қалмай, «Біз біргеміз, берік іргеміз!» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Дамуында ерекшелігі бар, психикалық жəне сөйлеу қабілеті тежелген балаларға арналған шара Еркінқала ауылдық округіндегі «Нұрлы тал» этнопаркінде өтті. Ең алдымен, ұлттық спорт түрлерінен ойындар ойнатылды. Шарада балалардың өздері де өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды.

ldzhd

Мерекелік дастархан жайылып, ерекше жандарға айрықша құрмет көрсетілді. Бүгінде «Зейін-Атырау» орталығында 100- ге жуық бала бар. Оның 50-іне тегін көмек көрсетіледі.

screenshot 3 5

– 2-13 жас аралығындағы балалар кешенді дамыту жұмыстарымен толық қамтылған. Олардың балабақша мен мектепке баруына жан-жақты мүмкіндік қарастырылды. Ал, 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді мамандыққа баулып, қабілетін ашуда бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Жалпы, алға қойған мақсат-міндетіміз көп. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік тəжірибелерді де іске қосып жатырмыз. Мысалы, бұған дейінгі АҚШ-тағы сапарымда 5 штатты аралап, ерекше балаларды қоғамға бейімдеуде біраз дүниеге қанықтым. Алпауыт елдің қолданысындағы жұмысты бізде де іске асыруға болады, – деді орталық жетекшісі Арайлым Нұғыманова.

Алтыншаш НƏСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз