Емханаға тіркелу науқаны басталды
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі әрбір тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек алу және медициналық мекемені таңдау құқына ие болады. Осыған орай жарна төлеу шілде айында басталады деп жоспарланған.
Сол себепті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындамауы үшін барлығын қазір анықтау маңызды болып табылады. Біздің облысымызда да «Емханаға тіркел де – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды. Осыған байланысты №2 қалалық емханаға қарасты тұрғындар 5 сәуір мен 31 маусым аралығында өз мәртебесін анықтауы қажет. Электрондық негізде «egov.kz» порталы арқылы да арнайы базаға енуге болады. Біздің №2 емханада бүгінгі күні өз мәртебесін анықтаған 1723 адам тіркелген. Оның ішінде ер адамдар саны – 819, әйелдер – 904, балалар саны – 972, зейнеткерлер – 511, жұмыссыздар саны 94-ке жетті.
Гүлжамал БЕКМҰХАМБЕТОВА,
№2 қалалық емхананың жоғары санаттағы отбасылық дәрігері.