Екі айда – төрт сенбілік

ANU 4696 Жаңалықтар

Сенбі күні Атыраудағы барлық мекеме қызметкерлері тазалыққа шықты. Әр мекемеге арнайы аулалар мен алаңдар бөлінді.

anu_4696

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы Рафхат Жолдиевтен білгеніміз, белгіленген аумақ бойынша сенбілікке 1455 мекеме және 6400 адам қатынасты, 38 техника жұмылдырылды. Барлық мекеме мен кәсіпорынға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру берілді, хат арқылы ескертілді. Санитарлық тазалықтың екі айында төрт рет сенбілік ұйымдастырылды. «Тұтастай алғанда, сенбілік жоғары дәрежеде өткізіліп, 210 текше метр қоқыс шығарылды. Әрбір мекеме қала тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді»,-дейді ол.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Айдана Жақсыбаева осындай сенбіліктер жиі өткізілсе, ортақ үйіміз одан сайын көркейе түсетіндігіне сенім білдірді. Аулаға  кіргенде жұмыс көп сияқты көрінді. Бірақ, бәріміз жұмылып, қолымызға күрек пен сыпырғыш алып іске кіріскенде біраз жұмыс тындырылды. Біз бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз»,-деген ол барша тұрғындарды сенбілікке белсене қатысып тұруға шақырды.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз