Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

«Ембімұнайгаз» иелігіндегі кен орындарынан өндірілетін мұнай қоры 86,2 миллион тоннаға жетті

Atr.kz/17 қаңтар, 2020 жыл.  «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты кен орындарында қосымша барлау есебінен көмірсутегі шикізатының қоры еселенді.

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуге қатысты тапсырмасына сәйкес қолға алынып отыр.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ембімұнайгаз» иелігіндегі кен орындарынан өндірілетін мұнай қоры 86,2 миллион тоннаға жетті. Ал, өткен жылы мұндағы қор көлемі 74,3 миллион тоннаны құраған еді.

Былтыр ҚР Пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қолданыстағы С.Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмұхамбетов, Ботақан, сондай-ақ, қайта ашылған Батыс Қарасор (1,4 млн. тн) кен орындарында 14,8 млн. тонна көлеміндегі көмірсутегі шикізаты қорын балансқа алып, бекітті .

Қор өсіміне байырғы кен орындарын игеруге жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, белсенді барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жетті, — дейді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Сонымен бірге, өткен  жылы Тайсойған блогының 5 6 0 0  шаршы  шақырым аумағына 3 D МОGТ сейсмо барлау  жұмыстарын  жүргізді. Сейсмобарлау деректерін өңдеу арқылы барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізілетін құрылымдар дайындау көзделуде.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/haly%D2%9Baraly%D2%9B-zhanzhaldan-kejin-m%D2%B1najdy%D2%A3-%D2%9B%D2%B1ny-k%D3%A9terile-bastady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button