Жарнама
Жаңалықтар

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына – 95 жыл

Ембілік мұнайшылар төл мерекеге үлкен табыспен жетіп отыр.  Биыл компания ірі жоба – Прорва кен алаңындағы ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Арнайы қондырғының жылына 150 млн. текше метр газ өңдеуге мүмкіндігі жетеді. Бұл бастама жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылауға, өнім өндіру көрсеткішін арттыруға оң әсерін тигізеді. Кәсіпорынның бұдан басқа да жаңалықтары мен тың бастамалары аз емес. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 95 жыл толуына арналған салтанатты жиында «қара алтын» өндірісінің кешегісі мен бүгіні сөз болып, осы салаға үлес қосқан жандар марапатталды.

отандық кәсіпорында1

Тарихы ерен, тамыры терең компания 1922 жылды «Ембі-мұнай» тресі болып құрылған еді. Міне, сол уақыттан бері кәсіпорын талай қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінде ғасырға жуық ғұмыр кешкен алып компанияға айналды.

Бүгінгі таңда мекеме өркендеу жолын жалғастырып, білікті, кәсіби, тәжірибелі мамандармен толығып отыр. Саланың майын ішкен бесаспап мұнайшылар кейінгі толқын жас кадрларға білгенін үйретуден жалыққан емес. Ел қазынасына құйылып жатқан қаражаттан бөлек компания әлеуметтік салаға да үлесін қосып, мәдениет пен өнердің дамуын да назардан тыс қалдырмады. Республика, қала берді облыс экономикасының қарқын алуына, тұрақтануына қол ұшын берген отандық кәсіпорын осылайша ғасырға жуық уақыт бойы тарих парақтарынан ерекше орын алып келеді.

Салтанатты жиында алдымен құттықтау лебізін білдірген «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков  компанияның даму жолы еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты екенін атап айтты.

отандық кәсіпорында

Әнуар Еркінұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында  «Ембі-мұнай» қызметін бір минутқа да тоқтатпағанын, бұл кезеңде мұнай 39 пайызға артық өндірілгенін баяндады. Отты жылдардағы қиыншылықтарға төтеп бере отырып, Комсомол-Мақат, Қошқар-Сағыз мұнайқұбырлары салынғанын, Қамыскөлде бутурбиналы электростанция және Гурьев мұнай өндіру зауыты бой көтергенін атап өткен ол соғыс аяқталғаннан кейін де кәсіпорын қызметінде кідіріс болмағанын алға тартты.

– Ембілік геологтар Батыс Қазақстан аумағынан Теңіз, Өзен, Маңғышлақ, Прорва, Кенбай және тағы да басқа көмірсутек шикізаты табыл-ған ірі кен орындарын ашты. Қазақ ССР Ғылым академиясының 1946 жылы құрылған Жайық-Ембі ғылыми-зерттеу базасы кешенді дамуға тың серпін берді. Күні бүгінге дейін мұнай-газ саласы ел экономикасының локомотиві саналады. Компания мұндай жетістіктерге қандай жағдайға да қарамастан мақсаткерлігі мен еңбегінің арқасында кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған бірінші басшылармен қатар қарапайым  мұнайшылардың көмегімен жетіп отыр. Олардың қатарында Сафи Өтебаев, Бөлекбай Сағынғалиев, Жолдасқали Досмұхамбетов, Махамбет Батырбаев және басқалары бар — деді ол.

отандық кәсіпорында2

Сондай-ақ, компания тұрақтылығы  қызметкерлер династиясында екеніне тоқталды. Қазір «Ембімұнайгазда» жиырмадан астам мұнайшы-еңбекшілер әулеті табысты еңбек етуде. Олардың үш және одан да көп буыны –  саналы ғұмырын мұнайшы мамандығымен байланыстырған жандар. Олардың кейбірінің жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Одан әрі баяндамашы компания дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандарды атап өтіп, кәсіпорынның болашақ жоспарларымен де бөлісті.

– Компанияда тұз үсті және терең тұз асты қабаттарына барлау жүргізу бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынып келеді. Ұңғыманы тереңдетіп бұрғылау 2018 жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қосымша кен орындарын алмақ ойымыз бар,-дейді Әнуар Жақсыбеков.

отандық кәсіпорында4

Айта кетелік, компания былтыр 2 млн.  832 мың тонна мұнай өндірген. Бұл межеленген көрсеткіштен 10 мың тоннаға артық. Кәсіпорын өндіріс шығындарын оңтайландыру және еңбек тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше пилоттық жобаларды іске қосқан. Ал, мұнай қондырғыларын жаңарту арқылы өндіріс көрсеткішін тұрақтандырып, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға қол жеткізіп отыр.

Соңғы төрт жылда кәсіпорын республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 625 млрд.теңгеден астам қаражатты, Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға 1,7 млрд. теңге қаржыны және осындай соманы де-меушілік және қайырымдылық шараларына аударған.

отандық кәсіпорында3

«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Серік Әбдиевтің ай-    туынша, Уаз кен алаңында интеллектуалды кен алаңы концепциясы іске қосылды. Ондағы өнім өндіру мен дайындау жұмыстары (ұңғымадан мұнай тапсырғанға дейін) онлайн ережесі бойынша бақылау мен технологиялық бас-қару кешенді құрылғылармен жабдықталған.

Еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға үлесін қосқан компанияның ардагерлері мен бұрынғы басшылары Энергетика министрлігінің мерекелік медалімен марапатталды.

Мұнайшыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және тағы басқалары құттықтап, шынайы лебіздерін жеткізді.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button