Жарнама
Жаңалықтар

Елордада төтенше жағдай жарияланды

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.  Боранға байланысты елордада төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бізде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Бұл жағдай Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта алты өңірде ТЖ бойынша комиссия отырысы дайындалып жатыр», — деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, елді мекендерде тіршілік жағдайын қамтамасыз ету бойынша қиындық туындаса, сол жерде ТЖ жарияланады.

«Төтенше жағдай жариялау себебіне тоқталсақ, ол тіршілік жағдайын қамтамасыз ету проблемалары, адамдарды тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орындарына уақтылы жеткізу, сондай-ақ азық-түлікпен, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету қамтылады», — деді спикер. «Аумақтардағы жағдайға байланысты өңірлердегі әкімдіктер ТЖ жариялау туралы шешім қабылдайды», — деді Ю. Ильин.

Еске салсақ, бұған дейін елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды.

 Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады. Олар жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button