«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың Алғыс хатына ие болды

ЕАС 001 1 Жаңалықтар

Еліміздің ақпарат саласында өзіндік орны бар «Атырау – Ақпарат» медиасеріктестігі және оған қарасты «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің ұжымы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Алғысын иеленді.

ЕАС 001

«Құрметті Баязи Мәдешұлы! Сізге және сіз басқаратын «Атырау-Ақпарат» ЖШС шығармашылық ұжымына Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап, оң имиджін қалыптастырудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

ЕАС 005

Сіздер бүгінде құрылғанына 25 жыл толып отырған Қарулы Күштеріміз бен оның бейбіт замандағы қаһармандары туралы жағымды жаңалықтарыңыз арқылы жастарды Отанды сүюге тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылымыз әрі қарай да жалғасын табатынына сенімдімін. Құрметпен, генерал-полковник С.Жасұзақов» делінген Алғыс хатта.

Айта кетейік, дәл осындай Алғыс хатпен облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары Исатай Балмағамбетов және Нәсіп Шалабаева марапатталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз