«Елнас» пен «Аламанда» – арзан тауарлар сатылымға шықты
Қала күні мерекесіне орай, Тайманов даңғылының бойындағы «Елнас“ және Атырау ықшамауданындағы «Аламан» базарларында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Атырау қаласынан және Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Исатай аудандарынан – барлығы 80-ге тарта шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты.
Олардың арасында Амангелді атындағы өндірістік кооператив – балық; «Темір Ай», «Камалов» жеке кәсіпкерліктері, «Самат», «Асыл Агро», «Тайыр» шаруа қожалықтары – ет; «Первомайский» ЖШС, «Қаратаева», «Қапатова» жеке кәсіпкерліктері – сүт, «Асыл Агро», «Ақ Жайық», «Rokos Group» ЖШС-тері – шұжық; Көкөніс өнімдері: ШҚ, «Саташева», «Алғабас», «Қыран», «Алғабас» шаруа қожалықтары, «Иманбаева», «Жұмабекова», «Магзомова» жеке кәсіпкерліктері – көкөніс; сондай-ақ, «ЕФК», «Дәулет нан» ЖШС-тері, «Боранғазова», «Клименко», «Назарова» жеке кәсіпкерліктері – күнбағыс майы, нан-бөлке және азық-түлік өнімдерін тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынды.
Атап айтқанда, жәрмеңкеде бір келі картоп –170-180, пияз –100, сәбіз – 160, қырыққабат –170-180, жұмыртқа (1 данасы) – 40, сиыр еті –1700-1850 теңгеден сатылды. Ал, балық өнімдерінен: жайын – 1500, қаракөз – 400, торман – 500; құс еті – 800-900 теңгеден өткізілді.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтау мақсатында жәрмеңке өткізілген базарлардың аумақтары толығымен қоршалып, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қадағаланды. Бұл жөнінде алдын-ала ескерту жұмыстары жүргізілді.