«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК»
Кештің арнайы қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан және дүние жүзі тарихы» кафедрасының доценті Нағима Сармурзина болды. Ол өткен күндерден естелік айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап қайтарды. Кездесу барысында Наурызбай Сағиев, Оралбек Ізуов «Желтоқсан желі», «Әке — ана» әндерін орындаса, Бауыржан Әтенов «Желтоқсан» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков жайындағы көріністен үзінді көрсетілді. Кеш соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нәсіпхан Құсайынова келген қонаққа ризашылығын білдіріп, елімізде татулық пен бірлік өркен жайсын деген тілегімен аяқтады. Соңынан колледж студенттері «Атамекен» әнін шырқады.
Лиза СЕЙТІМОВА.