Елімізге танымал суретшілер қаламыздың келбетін бейнелеуде (ФОТО)

IMG 4110 23 08 17 04 18 Жаңалықтар

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұлсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, бәсекеге қабілетті дамыту, ҚР кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау және қолдау мақсатында «Самға, көркейе бер, Атырауым!» атты суретшілердің республикалық пленэрінің ашылу салтанаты өтті.

IMG_4110-23-08-17-04-18

Пленэрге облысқа танымал суретшілермен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен бейнелеу өнерінде өзіндік орнын қалыптастырған қылқалам шеберлері қатысуда.

IMG_4108-23-08-17-04-18

Қылқалам шеберлері 4 күн бойы қаламыздың әсем жерлерін кенеп бетіне түсірмек.

IMG_4109-23-08-17-04-18

Пленэрдің ашылу салтанатын музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы ашып, Атырау облыстық Суретшілер Одағының төрағасы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Айса Отаралиев қатысушы суретшілерге сәттілік тіледі.

IMG_4111-23-08-17-04-18

Музей басшысының орынбасары Жәнібек Аманиязовтың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен келген пленэр қатысушылары «Хан Ордалы Сарайшық» мемориалды кешенінде болып, қазіргі Сарайшық жерінің көрінісін салса, қылқалам шеберлері «Тұрғындар қалашығының» әсем жерлерін салу үстінде.

IMG_4112-23-08-17-04-18

– Көптеген байқаулардан шыңдалған суретшілеріміздің кәсіби шеберліктерін көріп, шаһарымыздың көркем келбеті бейнеленген туындыларды тамашалауға шақырамыз, – деді ол бізбен сұхбатында.

IMG_4113-23-08-17-04-18

IMG_4114-23-08-17-04-18

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз