Екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды

9e1d30fd c965 4569 b6b9 fbe44196dbb4 780x470 1 Жаңалықтар

Қазақстанда мерекелік күндердің қатарына тағы екі мейрам қосылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды. 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», – делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз