Жаңалықтар
Елімізге 2 жарым мыңға жуық қандас көшіп келеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес 2024 жылға өңірлік қабылдау квотасы белгіленеді:
- қандастар – 2 433 адам;
- қоныс аударушылар – 7 050 адам.
- Жоба 2023 жылғы 27 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты.
Zakon.kz.