Атырауда елеусіз қалған елдік мекендер көгілдір отынға жарымай отыр

kerrr Жаңалықтар

Қойнауы мұнай мен газға толы Атырау облысында әлі күнге дейін көгілдір отынның игілігін көре алмай отырған ауылдар бар. Сондай ауылдардың дені Қызылқоға ауданында орналасқан. Ел тәуелсіздігін алғаннан бері Мұқыр ауылдық округінің Сарқұмақ, Соркөл, Тасқұдық, ал Сағыз ауылдық округінде қоңыраулы, Кенбай, Былқылдақты елді мекендері елеусіз қалып келеді.

Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың мəліметіне сүйенсек, Атырау, Құлсары қалалары мен 135 елді мекен тұрғындарының 88,4 пайызы табиғи газ желісіне қосылған. Алайда 18 ауыл əлі табиғи газ желісімен қамтылмаған.

Баспанасын жылыту үшін пешке тезек жағып, мұржасынан желге қарсы желген бураның шудасындай желкілдей ұшқан түтінді будақтатып отырған тұрғындар тек Қызылқоға ауданында ғана емес екен. Жергілікті биліктің уəдесіне үміт артып, табиғи газдың рақатын көрген дерге тамсана қарайтындар Ниет бай, Кетебай,Кеңөріс, Томан, Мыңтөбе, Ауқайран, Айбас, Жасқайрат, Қызылүй, Қойсары, Қараша, Ескене секілді елді мекендерде де бар.

– Қазір Қызылқоға ауданының 6 ауылына, Исатай ауданындағы 2 елді мекенге газ құбыры тартылып жатыр. Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналас қан елді мекендерді газбен үз діксіз қамтуға байланысты жоспар бар. Осы мақсатта «АГТС Финская-120» жəне «Редут-АГРС Финская-120» магистрал ды газ құбырын салу үшін жобалау сметалық құжаттамасын жасақтау қолға алынды. Алдағы жылдары табиғи газ желісіне қосылатын ауылдар қатары 145-ке жетеді. Осылайша, мұнайлы өңір тұрғындарының 93,5 пайызы көгілдір отынды тұтынады,- дейді Қ.Нұртаев.

Фото Ерлан Алтыбаевтың жеке мұрағатынан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз