Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Еліміздің ең үздік тауары – Атырауда!

    1 желтоқсан – индустрияландыру күні аясында Елбасы ЭКСПО Конгресс орталығында «Алтын сапа» арнайы сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының  және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз-2018» конкурсының лауреаттарын марапаттады.

2i3a3117_1544539736

    Сонымен, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына биыл 153 шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері іріктеліп алынды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Солардың бірі – «Caspiy Lana Atyrau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымына лайықты деп табылды. Аталған кәсіпорын басшысы Назгүл Есмақановаға диплом мен арнайы эмблема табысталды.

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын «Жүн өңдеу мен одан жасалған өнімдерді өндіру кешенінің құрылысы» жобасын ұсынған болатын. Мұнда барлығы елу адам еңбек етеді. Қуатына келсек, жылына 100 тонна түйе мен 350 тонна  қой жүні қайта өңделіп, 400 мың қума метрді құрайтын көрпе мен жамылғы өнімдері шығарылады. Дайын тауарды жеткізумен қытайлық «Taixing Xiggang and Weaving Machinery Co LTD» компаниясы айналысады. Сондай-ақ, кәсіпорын италияндық «Vicotex» мекемесімен де тығыз жұмыс жасайды.

    Ал, «Алтын сапаға» 182 кәсіпорын (78 шағын,  76 орта және 28 ірі кәсіпкерлік нысаны) қатысты. Нәтижесінде, «AZALA Textile» серіктестігі «Үздік индустриалды жоба», «KazTechInnovations» мекемесі «Үздік инновациялық жоба» аталымдарын жеңіп алды. Сондай-ақ, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинацияларының жеңімпаздары анықталды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған өңірлер мен қалалар арасынан Қызылорда облысы және аудандардан Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы суырылып алға шықты. Сол секілді, «Ұлы дала елі» ортақ бренд байқауының қорытындысы жарияланып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекіткен «Iскер» арнайы және «Бизнес Кемелділік» халықаралық сыйлықтары өз иелерін тапты.

    (Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыз)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button