Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде жұмыспен көп қамтылғандар кімдер?

2017 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,6 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,3% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,9 (4,5 млн. адам) – ерлер, 48,1% (4,1 млн. адам) – әйелдер, деп хабарлайды Atr.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

zhumys-1

2017 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,5 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 75,5% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн.адамды немесе 24,5% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,6% (2016 жылы – 86,4%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,4% (2016 жылы – 13,6%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 46,4%, әйелдердің үлесі –53,6%.

15-28 жастағы¹⁾ жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2017 жылдың соңына 70,3 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 0,8%-ын (2016 жылы – 0,4%) құрады.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button