Автобустарда құпия тексерушілер пайда болады

191009164311065a3573637i Жаңалықтар

Atr.kz/10 қазан, 2019 жыл. Енді Атырау автобустарында ерікті бақылаушылар мен құпия ревизорлар тексеріс жүргізбек

«11 қазаннан бастап қоғамдық көлікте жүрудің дифференцияланған тарифі енгізіледі. Жұмадан бастап Атырау тұрғындары қолма-қол ақшамен 150 теңге, қолма-қол ақшасыз – 80 теңге төлейді. Бұл жолаушы тасымалын мөлдір етіп, көлеңкелі ақша айналымын жоюға септігін тигізеді. Осыған байланысты, «Smart Qala» ЖШС өкілдері волонтер ретінде қоғамдық көлікке жаңа төлем жүйесін сәтті енгізуге көмектеспек», – деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімдігі.

Құпия ревизор болып қоғамдық көліктегі төлем жүйесін тексеремін деген тұрғындарға – есік ашық.

«Билетті қалаған кезде тексеруге болады. Тәртіп бұзылған жағдайды суретке немесе видеоға түсіріп алуға болады. Тіпті жолаушылардың билет алуын сырттай бақылап жүре беруге де болады», – дейді «Smart Qala» ЖШС өкілдері.

Бақылаушы боламын дегендерге тиісті куәлік және автобуста тегін жүру құқығы беріледі. Тексеріс жұмыстарының қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланып отырады.

Atr-Ақпарат


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз