Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде туристер үшін такси мен қонақүйге тапсырыс беруді оңайлататын QR-жүйе енгізіледі

Қазақстанда шетелдік туристердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру мақсатында жаңа QR-жүйе енгізіліп жатыр. Бұл туралы еліміздің Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елге келген туристер кейде такси, байланыс, қонақүй брондау немесе ақша айырбастау қызметтерінде алаяқтыққа тап болып жатады. Осы мәселелердің алдын алу үшін біртұтас QR-код жүйесі жасалған.

— Бұл жүйеде электронды SIM-карта қызметінен бастап, қонақүйге брондау және туристің тіркелуіне қатысты барлық қажетті ақпарат қамтылған. QR-кодты сканерлеу арқылы турист қалаған қызметтерге оңай әрі қауіпсіз түрде тапсырыс бере алады, — дейді Е.Мырзабосынов.

Қазір бұл жүйе пилоттық режимде Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында іске қосылған. Болашақта QR-кодтар барлық халықаралық әуежайларда, теміржол вокзалдарында және шекара бекеттерінде орналастырылмақ.

Айта кету керек, аталған жоба туристік инфрақұрылымды дамыту және ел имиджін арттыру мақсатында қолға алынып отыр.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: abai.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button