Жұмыссыз жүргендердің жайы нешік?

whatsapp image 2020 12 09 at 16.07.44 1 Жаңалықтар

«Жыл басынан бері Исатай ауданында  1 797 адам жұмыс ізеп хабарласқан. Оның ішінде 1 736 адам жұмысқа орналастырылған», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

–    Қазіргі уақытта Истай ауданында ресми жұмыссыздар саны – 648. Ал жыл басынан бері 1 736 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 63 адам қайта даярлау біліктілігін арттыру курстарына оқытылды. Жеті жүзден аса адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, қырық үш адам әлеуметтік жұмысқа, жетпіс бір адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, – деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, Марат Мурзиев «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы»   шеңберінде 800-ден аса адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті. 

–    Қазіргі уақытта «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы»   бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларға бастапқы кезде 781 адамды жұмыспен қамту көзделген болатын. Ал орындалысында 853 адам еңбеке араласты, – деді  Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз