Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде шошқа тұмауы мен коронавирус штамдары анықталды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ел аумағында шошқа тұмауы мен өзге де суперинфекциялардың анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша қазір Қазақстанда коронавирустың «Омикрон» штамы да анықталған. Вирус өзгере алады, сәйкесінше қоршаған ортада жойылмай, әлі де тарап жатыр. Сонымен қатар «Цербер» штамы да тіркелген. 

«Тұмаудың үш түрі, соның ішінде бізде шошқа тұмауы тіркелді, бұл – H1N1, вирустың бір түрі. Бұдан бөлек аденовирус, риновирус сынды вирустың барлық түрлері тіркелді. Қазір инфекциялардың араласып жатқанын көріп отырмыз, суперинфекциялар – вирустар үсті-үстіне жұғады, салдарынан инфекциядан жазылу ауырға соғады», – деді ол. 

Еске салайық, Қырғызстанда шошқа тұмауын жаппай жұқтырғандықтан мектептер карантинге жабылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button